Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бірқатар ескерткіш монеталар шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 24 қазаннан бастап бірқатар ескерткіш монеталарды айналымға шығарды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Олардың бірі «Қазақстанның Қызыл кітабы» монеталар сериясынан номиналдық құны 500 теңгелік «Сабаншы» ескерткіш монетасы.

Сабаншы (манул) - мысық тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Көзі кәріптас түстес, көз қарашығы жарық түскен кезде саңылау түспей, дөңгелек күйінде қалады. Алғашқы сабаншылар Каспий теңізінің жағалауында XVIII ғасырда табылған.

Күміс монеталар монетаның бетіне эмаль соғу технологиясын қолдана отырып дайындалды.

Сонымен қатар айналымға «Банкноталардағы портреттер» монеталар сериясынан номиналдық құны 500 теңгелік «Шоқан» ескерткіш монетасы, «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан номиналдық құны 500 теңгелік «Көкпар» ескерткіш монетасы шығарылды.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, номиналдық құны 500 теңгелік монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Соңғы жаңалықтар