Қазақстан Республикасы Ата Заңының 15 жылдығына орай Түркияның Ыстамбұл қаласында дөңгелек үстел болып өтті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Ыстамбұлдың «WOW» конгресс орталығында ҚР Бас консулдығының және Түркия-Қазақстан достық қоғамының төрағасы Мәуліт Өзкишинің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ата Заңының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында дөңгелек үстел болып өтті.

Бұл шараға көптеген академик-ғалымдар, дипломаттар және журналистер қатысты. Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулы Асқар Шоқыбаев, 1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаны жүзеге асырып, елімізде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілікте, ұлтаралық сыйластықта тұрып, ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға мумкіндік беріп, әрбір қазақстандықтың ұлттық құқықтық бостандығын қамтамасыз етіп отырғандығын мәлімдеді.

Түркияның белгілі жазушысы, журналист Харун Токак өз сөзінде, Қазақстанның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында , мемлекеттің Негізгі заңының нәтижесінде, Қазақ елі Орта Азияның «жарқыраған жұлдызына» айналып, дүниежүзінде беделді орын иеленгендігін айтты.

«Қазақстан көпұлтты мемлекет, онда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың ауызбіршілік пен бейбітшілікте өмір сүруі, бұл жалпы тарихтағы сирек кездесетін, әлемге үлгі боларлық жағдай»,-деді социолог Хайати Түфекчиоғлу.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді, достықты нығайту мақсатында құрған Қазақстан Халқы Ассамблеясының және бұл құрылымның Конституция тарапынан қорғалуы, ол тек Түркия үшін ғана емес, сондай-ақ демократия мен адам құқығын жиі сөз қылатын Еуропа елдері үшін де баға жетпес тәжірибе мен орасан үлгі екендігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар