Қазақстан республикалықтармен де, демократтармен де дос бола білді - Сәтпаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың ойынша, Америка Құрама Штаттарында болған президенттік сайлаудан кейінгі нарықтық өзгерістердің бәрі уақытша болып отыр.

Бұның барлығын сарапшылар алдын ала болжаған. Ал Дональд Трамптың билікке келуі Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстарға айтарлықтай әсер етпеуі тиіс, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі көптеген әлемдік қор биржаларының котировкаларын өзгертті. Айтпақшы, сайлау басталмас бұрын инвесторлардың көбісі Трамп жеңген жағдайда акциялардың арзандайтыны туралы айтқан. Негізі, бұның бәрі уақытша реакция, саяси оқиғаның әсері деуге болады. Қазіргі жағдай ұзақ созылмауы қажет. Себебі мұнай бағасына бір ғана саяси оқиға әсер етіп отырған жоқ. Одан бөлек басқа да факторлар бар", - деді Д.Сәтпаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Саясаттанушының сөзіне қарағанда, сайлаудың нәтижесі Қазақстанмен арадағы байланыстарға кері әсерін тигізбеуі тиіс. "Өйткені соңғы 25 жылдың ішінде Қазақстан республикалықтармен де, демократтармен де дос бола білді. Сосын жаһандық саясат тұрғысында Ресеймен салыстырғанда, Қазақстан Американың басымдықты бағыттарына жатпайды. Сайлауалды дебаттар кезінде Трамп та, Клинтон да өздерінің сыртқы саясатқа қатысты мәлімдемелерін Ресеймен байланыстырған еді. Сондықтан Трамптың билікке келуі бізге тікелей әсер етпесе де, жанама түрде әсер етуі әбден мүмкін. Себебі Қазақтан да, Ресей де Еуразиялық экономикалық одаққа кіреді. Алайда Ресейдің Трампқа қолдау білдіргенін ұмытпау қажет. Кремль санкцияларды тезірек алып тастаса екен деп тілеп отыр. Дегенмен, оның барлығы бірден шешіледі деп айту қиын", - деп атап көрсетті Д.Сәтпаев.

Соңғы жаңалықтар