Қазақстан ресейлік туристер жиі баратын елдердің қатарына кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың алғашқы қорытындысы бойынша, Қазақстан ресейлік туристер жиі сапарлайтын елдердің алғашқы бестігіне кірді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТурСат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанға саяхаттайтын ресейліктердің саны 1% артып, 1 млн 287 мыңға жеткен.

2018 жылдың алғашқы алты айында шетелге саяхаттайтын ресейліктердің саны өткен жылмен салыстырғанда 9% өсіп, 18,6 млн-ды құраған.

Ресейлік туристер арасында танымал он елдің тізімі:

1. Түркия, 2 млн 281 мың (+40%)

2. Абхазия, 1 млн 751 мың (+5%)

3. Финляндия, 1 млн 559 мың (+1%)

4. Қазақстан, 1 млн 287 мың (+1%)

5. Украина, 1 млн 074 мың (+8%)

6. Қытай, 908 мың (-4%)

7. Эстония, 858 мың (+5%)

8. Таиланд, 679 мың (+18%)

9. Германия, 591 мың (+4%)

10. БАӘ, 545 мың (+52%)

Соңғы жаңалықтар