Қазақстан Ресейден он екі Су-30СМ жойғыш ұшағын алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Қазақстан он екі Су-30СМ ұшағын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Ресей президентінің әскери-технологиялық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі көмекшісі Владимир Кожин мәлім етті.

«Иә, «Армия-2017» халықаралық әскери-техникалық форумында осындай шекті келісім жасалды. Келісімнің шарттарына сәйкес, оның бірінші жеткізген сәтінен бастап үш жыл бойы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», - деді Кожин сұраққа жауап бере отырып.

Оның айтуынша, келісім 2013 жылы «Иркут» корпорациясы мен «Казспецэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы тікелей өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылады.

4+ буынды аса оңтайлы Су-30СМ жойғышы фазаланған антендік торы бар радиолокатормен, басқарылатын тартқыш векторы бар қозғалтқышпен және алдыңғы көлденең қысқа басқару қанатымен жабдықталған. Ұшақ «әуе - әуе» және «әуе - жер беті» заманауи және перспективалық жоғары дәлдіктегі қаруды қолдануға қабілетті. 

Соңғы жаңалықтар