Қазақстан-Ресей жастарының бизнес инкубаторы жыл соңында іске қосылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресей мен Қазақстан жастары бірігіп бизнес-инкубаторын іске қоспақшы. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен бизнес форум барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға ТМД-ның 7 елінен жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері жиналды.

Форумның ашылуында Қазақстан-Ресей жастарының бизнес әріптестігі туралы ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералды агенттік өкілдері сөз қозғады. Негізінен жастар туризмі, еріктілер саласы, жастар кәсіпкерлігі мәселелері тілге тиек етілді.

«Жыл соңына дейін алғашқы Қазақстан-Ресей жастар бизнес-инкубаторы іске қосылады. Ресей мемлекетінің аталған мәселеде тәжірибесі молырақ. Ресей мен Қытай арасында 15 бизнес-инкубатор жұмыс жасайды. Жүргізілген талдауға сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша жасалған мәмілелердің құны 430 млн долларға жетті. Бизнес-инкубатор қос тараптың да басымдық берілетін салаларында жұмыс істейтін болады»,- деді Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералды агенттігі халықаралық бөлімінің басшысы Дмитрий Иванов.

Аталмыш жоба білім беруді дамыту, жастарды жұмыспен қамту, профильді оқу орындарының  жастар кәсіпкерлігіне мән беруіне бағытталған.

2019 жылдан бастап Қазақстанда жоғарғы сынып оқушылары «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәнін оқитын болады. Биыл бірқатар мектепте пилоттық жоба іске қосылатын болады.

null 

Соңғы жаңалықтар