Қазақстан Ресей және Франциямен әскери ынтымақтастық мәселесін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ресей және Франция Республикаларымен әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысының орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров Франция Қорғаныс министрлігі Халықаралық қарым-қатынастар бас басқармасының Өңірлік мәселелер жөніндегі департаментінің бастығы генерал-лейтенант Филипп Бутиномен кездесті.

«Тараптар қорғаныс саласындағы әскери ынтымақтастық мәселелері мен болашақ бағыттарды талқылады. Одан басқа, елордадағы сапар аясында шетелдік меймандар үшін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Әскери-тарихи музейіне таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды», - делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі мәселелері талқыланды.
null

Университет бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің халықаралық істер, сондай-ақ қорғаныс және қауіпсіздік комитеттерінің төрағалары Константин Косачев пен Виктор Бондаревпен кездесті.

«Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі мәселелерін, сондай-ақ киберқауіпсіздік аясындағы өзара іс-қимылдың болашақ бағыттарын талқылады. Одан басқа, сапар аясында шетелдік қонақтар тыңдаушыларға дәріс оқыды және Сириядағы халықаралық терроризммен күресуде Ресей Қарулы Күштерінің қол жеткізген нәтижелері мен тәжірибесі туралы құлағдар етті», - деді министрліктен.
null

Соңғы жаңалықтар