Қазақстан, Ресей, Украинаның жетекші дәрігерлері Алматыда бас қосуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда осымен екінші күн жетекші дәрігерлердің бірінші республикалық конгресі өтуде.

Украина, Ресейден келген 350-ден аса шетелдік және қазақстандық терапевтер мен кардиологтар жүрек қан тамырлары аурулары, жүйке жүйесі, гастроэнтерология, урология, педиатрия салаларында дәрілік заттарды қолдануға қатысты пікір алмасуда.

«Біздің елімізде осындай ауқымдағы Конгресс тұңғыш рет өткізіліп отыр. Дәрі-дәрмектерді шығарудың заманауи стандарттарын белсенді енгізіп отырған Қазақстанның ең ірі фармацевтикалық кәсіпорны ретінде біз еліміздің медицина ғылымын дамыту үшін мұндай іс-шаралар қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Конгрестің қатысушылары - медицинаның түрлі саласында қызмет етіп жүрген жетекші мамандар. Конгресс кезінде алынған ақпарат қазақстандық дәрігерлерге күрделі ауруларды емдеу мен диагностикалаудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деді SANTO Member of Polpharma Group компаниясының сыртқы істер және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Елена Арышева.

Отырыстың ғылыми бағдарламасының ішіне пленарлық отырыстар, дәрістер, шеберлік сыныптары, салалық ғылыми семинарлар кіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар