+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қазақстан-Ресей шекарасында ПТР анықтамасы жоқ 14 адам карантинге жатқызылды

2021 жылғы 12 мамыр 17:53
Бөлісіңіз:
Қазақстан-Ресей шекарасында ПТР анықтамасы жоқ 14 адам карантинге жатқызылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардың Ертіс маңындағы мемлекеттік шекарадан бір тәулік ішінде 336 адам өтті. Соның ішінде 14 адам карантинге жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылды Ақтөбеде шекараны заңсыз кесіп өткен ресейлік ұсталды Қазақстанда ПТР тесті мен COVID-19-ға қарсы препараттар қалай арзандатылды

«ПТР анықтамасы жоқ екі азаматқа, Өзбекстан және Қырғызстан тұрғындарына елге кіруге тыйым салынды», - деп хабарлады аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен. Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысындағы мемлекеттік шекарадағы автомобильдерді өткізу бекеттерінде адамдардың орын ауыстыру мониторингі жалғастырылып жатыр. Тәулік ішінде шекарадан 336 адам өткен, оның ішінде 252 жаяу адам және 84 фура жүргізуші бар. «Карантин стационарына 14 адам жатқызылды. Тәулік ішінде көлік өткелдерінде вирусы расталған оқиғалар болған жоқ», - дейді ведомстводан.

Шектеу енгізілгеннен бері Павлодар облысына 102 587 адам келген, соның ішінде халықаралық тасымалмен айналысатын 61 870 жүргізуші және 40717 жолаушы бар.

Қазақстанның резиденті емес, анықтамасы болмаған 1327 азаматқа шекарадан өтуге тыйым салынған. Осы уақытқа дейін барлығы 26096 ПТР тест жасалып, ауру белгілері болмаған, сырттан әкелінген 189 оқиға анықталды.

«Карантин стационарына ПТР-зерттеу жүргізу үшін Қазақстанның 3036 азаматы жатқызылды» деп түйіндеді эпидемиолог мамандар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT