Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма екінші отырысы 3-7 қазанда Алматы қаласында өтті.

«Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарастыруды және бекітуді жалғастырды, 2023 жылға арналған камералдық жұмыстар жоспарын бекітті, сондай-ақ алдағы жылы далалық жұмыстар жоспарын талқылады.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылдың қарашасында Ресей Федерациясының аумағында өтеді», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар