Қазақстан-Ресей матчының жанкүйерлерін арнайы автобустар тасымалдайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футбол жанкүйерлерін стадионға қаладағы қоғамдық көліктер мен мен шаттл-басстар жеткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

24 наурызда сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында Еуропа-2020 чемпионатының іріктеу матчы аясында Қазақстан мен Ресейдің ұлттық құрама командалары арасында футбол ойыны өтеді. Жанкүйерлер № 10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 60 бағыттағы автобустармен стадионға жете алады.

Сонымен қатар, көрермендерге ыңғайлы болу үшін сағат 18:00-ден бастап үш нүктеде ойын өтетін стадионға жанкүйерлерді жеткізетін арнайы автобустардың рейстері ұйымдастырылатын болады: «Қазақстан» СК (Қ.Мұңайтпасов даңғылы бойынша), «Нұр Астана» мешітінің маңындағы тұрақтар (шығыс жағынан), Астаналық цирктің жанындағы тұрақ (Қорғалжын тас жолы бойынша). Арнайы рейстік автобустарда жол жүру құны қоғамдық көліктердегі жолақысымен бірдей.. Жанкүйерлер «Астана-Арена» стадионы аялдамасынан № 10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 303 бағыттарындағы автобустар арқылы кері қайта алады.

Соңғы жаңалықтар