Қазақстан-Ресей матчын көретіндер «Астана-Арена» стадионына ертерек келуі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей матчының өтуіне байланысты астаналықтар өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. Өйткені көшелерде кептелістер туындауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан және Ресей командалары арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу раундының өтуіне байланысты 24 наурызда қаланың сол жақ жағалауындағы Тұран, Қабанбай батыр даңғылдары, Керей мен Жәнібек хандар, Сарайшық сияқты көшелерде кептелістердің туындауы мүмкін екендігін хабарлаймыз», - деп жазды қалалық Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин Фейсбуктегі парақшасында.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметі бойынша матчты көруге ниеттілердің саны көп.

«Осыған орай өз бағдарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Ал ойынды көргісі келетін футбол жанкүйерлеріне «Астана-Арена» стадионына матчтың басталу уақытынан екі сағат бұрын келуге кеңес береміз», - деп атап өтті Есин.

Қазақстан және Ресей командалары арасындағы матч бүгін сағат 20:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар