Қазақстан-Ресей бірлескен «Союз-5» зымыранын ұшыруға дайындық басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш станциясы өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Станцияның тарихы 1998 жылдың қаңтарында Вашингтонда қол қойылған жоба негізінде «Салют», «Мир», «Skylab», сондай-ақ «Союз-Аполлон» бірлескен жобаларын жүзеге асырудан бастау алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Станцияның жұмысы 1998 жылы 20 қарашада «Протон-К» зымыран тасығышы орбитаға болашақ «Заря» станциясының бірінші ресейлік модулін шығарған кезден басталады. Содан кейін станциялардың жеке модульдері екі жыл бойы орбитаға жеткізілді және 2000 жылдың қараша айында станцияға бірінші негізгі экспедиция келді. Осы уақыттан бастап халықаралық ғарыш станциясы үздіксіз жұмыс істеп келеді.

«Қазақстанның ғарышқа ұшу тарихы 1990 жылдардан бастау алатыны белгілі. Мен 2015 жылы ұшып, онда 5 ғылыми ғарыш бағдарламасын жүзеге асырдым. Ғарыш бағдарламасы «Мир» станциясында жүзеге асырылды. Ғылыми жұмыстар ғарыштық кеңістіктің тірі жан ағзасына, оның ішінде адамға әсері мен жер шарына тигізетін қаупі және оның алдын алу секілді мәселелерді қамтыды», - деді ұшқыш-ғарышкер, «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» АҚ вице-президенті Айдын Айымбетов баспасөз мәслихатында.
null 

Сонымен қатар, ұшқыш әуе кеңістігінің адамның эмоционалды-психологиялық қасиеттеріне қалай әсер ететінін де айтып өтті. 

«Ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бір көрінісі - «Союз-5» жаңа класты зымырандарын ұшыруға арналған «Бәйтерек» заманауи зымыран кешені. Бүгінде жоба қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Жаңа кешен «Байқоңыр» ғарыш айлағында орналасады. Кешен жобасы екі ел президенттерінің қатысуымен Петропавлда өткен форумда таныстырылды», - деді ол.

Бүгінде ХҒС жобаларына бес негізгі әлемдік ғарыш ұйымы бірлесіп қатысады, олар - «Роскосмос» (Ресей), «NASA» (АҚШ), «JAXA» (Жапония), «ESA» (Еуропалық Одақ) және «CSA» (Канада). Халықаралық ғарыш станциясы 14 модульден тұрады, ал станцияның жалпы көлемі футбол алаңымен бірдей. Салмағы - 400 тонна. Бір тәулік ішінде жер шарын сағатына 27 мың шақырым жылдамдықпен, шамамен 16 рет айналады.

 

Соңғы жаңалықтар