Қазақстан, Ресей, Беларус көліктік темір жол тарифтерін бірыңғайға келтіру мәселесін аяғына дейін жеткізу тапсырылды

None
None
ашаның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жыл соңына дейін Кеден одағы аясында Қазақстан, Ресей, Беларус арасындағы көліктік темір жол тарифтерін бірыңғайға келтіру мәселесін аяғына дейін жеткізуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз келіскендей 27-іне дейін бұл мәселелер шешілуі тиіс. Мен білемін, сіз бұл бағыттағы шараларды қадағалап жүрсіз, алайда оны аяғына дейін жеткізу керек», деді Үкімет басшысы бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке қаратып айтқан сөзінде.

Бұл негізгі мәселелердің санатында екеніне тоқталған К. Мәсімов, «туындаған барлық сұрақтарды өзара түйістіріп, өнімді тиісті көлемде экспорттау тұрғысында біздің экономикамызға, бизнесімізге, кәсіпорындарға көмектесуіміз қажет», деді.

Мұнымен қоса Үкімет басшысы темір жолдардың құрылысы кезінде қазақстандық мөлшер  арқылы мемлекеттік тапсырыстарды орналастырудың қажеттілігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар