Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қараша айында Көкшетау қаласында Қазақстан-Ресей XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы өтпейтін болды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының өтетін уақыты кейінге шегерілді. Бұған дейін Форум биылғы қараша айының екінші жартысында екі ел басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған болатын», - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Еске салайық, Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы былтыр қараша айында Ресейдің Омбы қаласында өткен болатын.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті XVIІ форумды 2020 жылы Көкшетау қаласында өткізуді ұсынған еді.

Айта кетейік, көршілес екі ел арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді.


Соңғы жаңалықтар