Қазақстан-Ресей әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды
00:16, 06 Наурыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі, армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, әскери ведомстволардың басшылары екіжақты әскери ынтымақтастықты, алдағы бірлескен оқу-жаттығулардың кестесін, сонымен қатар әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.