Қазақстан - Ресей арасында нанотехнологиялар Венчурлық Қорын құру жөнінде Хаттамаға қол қойылды

None
None
sp;АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Орынборда өтіп жатқан  Қазақстан мен Ресей арасындағы Аймақаралық  ынтымақтастықтың VI форумы барысында  Қазақстан-Ресей нанотехнологиялар Венчурлық Қорын құрудың  негізгі қағидаларын айқындайтын  Хаттамаға қол қойылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспассөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған шараға сәйкес,  Қазақстан тарапынан «Kazyna Capital Management» АҚ («Самұрық-Қазына» еншілес компаниясы)  Басқарма төрағасы Абай Алпамысов,  Ресей тарапынан «Ресей нанотехнолоиялар  корпорациясы» мемлекеттік корпорациясының  Басқарма мүшесі Дионис Гордин  тиісті құжаттарға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, осындай біріккен  Қор құру туралы  жайт 2008 жылдың 22-қыркүйегінде  Ақтөбе қаласында өткен  V Форум кезінде, екі ел басшылары арасында келісілген болатын.  Қордың  жалпы қаржысы 100 млн. АҚШ долларын құрайды. Алғашқыда Қорға  «Kazyna Capital Management» АҚ мен «Ресей нанотехнологиялар  корпорациясы» әрқайсысы 50 млн. АҚШ  долларынан инвестиция құяды деп белгіленген. 

Сондай-ақ, Қордың жұмысы  екі елдегі   инновациялық белсенділік   пен нанотехнологиялар  нарығын дамытуға бағытталады. Инвестициялық стратегиясына байланысты, Қор инвестициялары (әр елге 50 пайыздан)  екі елдегі  нанотехнологиялар  саласында жұмыс істеп, ілгері көтеріле алатын және  табыс таба алатын  компанияларға бағытталады. Қордағы  ресурстарды басқару үшін  кәсіби басқарушы  компания шақырылмақшы. Ол компания  нанотехнологиялар  саласындағы  жобаларға инвестиция тарту бойынша тәжірбиесі болуы керек. Қор 2009 жылдың аяғында тіркеліп, 2010 жылдың алғашқы жартысында  іске кіріседі деп  жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар