Қазақстан регби федерациясына жаңа президент сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан регби федерациясының әр аймақтағы өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, сонын нәтижесінде федерацияға жаңа президент сайланды, деп хабарлайды қалалық ақпараттық және спорттық ХАБ.

Жаңа президент болып 30 жастағы Асыл Шалғымбаев тағайындалды. Ол ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде қызмет атқарады.

Бұл шешім осы жиынға қатысқан әр ауданның федерация өкілдерінің бірегей дауыс беруі арқылы қабылданды. Сонымен қатар, жиналысқа ҚР ҰОК мен шет елдегі «World Rugby» өкілі Оаклей Матью Эдвард пен «Asia Rugby» президенті Ага Хуссейн қатысты.

«2018 жылдың 20 мамырынан бастап Қазақстан регби федерациясының жаңа президенті болып Шалғымбаев Асыл Мұратшайұлы сайлансын», - деді өз сөзінде жиналыс төрағасы Станислав Кнорр.

Ол, Асылды осы қызметке сайлап отырып, оған үлкен сенім артып, еліміздегі регби жаңа деңгейге көтерілетіндігіне күмән келтірмейтінін жеткізді.

«Асыл кезінде команданың менеджері болып, ұлттық құрамамен 10 жыл бойы халықаралық жарыстарға шығып жүрді. Алға қойған мақсаты мен жұмысын жақсы біледі. Бірнеше шет тілдерін жетік меңгерген, көптеген мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарған», - деп Станислав Кнорр жаңа басшыны қысқаша таныстырып өтті.  

Өз кезегінде Асыл Шалғымбаев осындай сенім артып, қолдау көрсеткен үшін барлығына алғыс білдіріп, бірге көптеген жетістіктерге жететіндігін айтты.

Айта кетсек, Асыл Шалғымбаев 2016 жылдың ақпан айынан бастап президент болған Мұрат Уанбаевты алмастырды. 

Шалғымбаев Асыл Мұратшаұлы 1987 жылы 25 қараша Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қаржы бөлімін аяқтаған.

2006-2009 жылдары ҚР регби федерациясында ҚР ұлттық құраманы дамыту менеджері болып жұмыс атқарды;

2009-2010 жылдары ҚР регби федерациясының Алматыдағы Вице-президенті болды;

2010-2012 жылдары «Даму» АҚ кәсіпкерлік фондты дамытуда департамент корпоративтігін дамыту менеджері болды;

2011-2012 жылдары «Даму АҚ» кәсіпкерлік фондты дамытуда басқарма басшысының көмекшісі;

2012-2013 жылдары ҚР ТЖМ «Резерв» комитеті мемлекеттік материалдар сақтық қорында бас директордын көмекшісі;

2014- 2017 жылдары ҚР сыртқы істер  министерлігінде қызмет етті,

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде қызмет атқарады.

Соңғы жаңалықтар