Қазақстан QS University Rankings рейтингі бойынша үздік университеттері бар елдердің тізіміне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Он жылдан астам QS World University Rankings басылымын шығаратын QS Quacquarelli Symonds компаниясы QS University Rankings: дамып отырған Еуропа мен Орталық Азия 2014/15 атты жаңа рейтингінің нәтижесін жариялады.

Бұл туралы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің сайтынан хабарланды. Университеттердің жаңа рейтингі даму үстіндегі Еуропа мен Орталық Азияның 30 елдерін қамтыды.

Университеттерді екшеу үшін қолданылған әдіснама QS Жаһандық академиялық кеңесі сарапшыларынан консультация алу арқылы, сондай-ақ жергілікті сарапшылардың көмегімен құрылды. Қолданылған критерийлер аймақта ерекше маңызды университеттердің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігінің аспектілерін көрсетуге бағытталған.

Ресей елінің рейтингте 26 университеті көрсетілді, соның ішінде Мәскеу мемлекеттік университеті бірінші орында тұр.

Рейтингке университеттерінің көп саны түскен келесі екі ел - Түркия мен Чехия, одан кейін Польша. Қазақстан үздік бестікті түйіндеп тұр, бізден кейінгі орындарда - Венгрия және Украина. Тізімге барлығы 8 қазақстандық университет енген. Ең жоғары көрсеткіштерге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (14-орын) мен Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (23) ие болды.

Айта кетейік, QS World University Rankings - әлемнің үздік университеттері лигасының жыл сайынғы беделді, танымал және құрметке ие рейтингі. QS IntelligenceUnit мамандары мен жетекші ғалымдардан тұратын Халықаралық консультативтік кеңеспен тығыз байланыста жасалған QS World University Rankings® талапкерлер мен студенттер, университет мамандары мен әлем үкіметтері арасында кеңінен қолданылады.

Соңғы жаңалықтар