+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстан QazVac вакцинасын ислам елдеріне беруге дайын - Қасым-Жомарт Тоқаев

2021 жылғы 16 маусым 19:44
Бөлісіңіз:
Қазақстан QazVac вакцинасын ислам елдеріне беруге дайын - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда қазан айына дейін 747 мың адам вакцина алады Елордаға QazVac вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді Нұр-Сұлтанда тәулігіне 6 мың адам вакцина алып жатыр

«ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылуына қатыстым. Ғылыми-технологиялық және инновациялық ынтымақтастықты жандандыруға қатысты бірқатар ұсыныс айттым» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Оның айтуынша, ДДСҰ QazVac вакцинасын мақұлдағаннан кейін Қазақстан оны ИЫҰ елдеріне беруге дайын.

«Жасанды интеллект, Big Data және киберқауіпсіздік салаларындағы бірлескен жобалар үшін Назарбаев Университеті мен Astana IT Hub алаңын ұсынамыз. Сондай-ақ Қазақстан Ұйымға мүше елдер үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша отандық университеттерде 100 грант бөлуге ниетті» деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, біз бұған дейін Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылу рәсімі өткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT