Қазақстан прокурорлары қытайлық әріптестерімен Үрімжіде кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Үрімжі қаласында Қазақстанның Бас прокуратурасы және Қытайдың Жоғарғы Халық прокуратурасы өкілдерінің кезекті шекара кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, қылмысқа қарсы күрес, оның ішінде терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында тәжірибелерімен бөлісті.

«Жалпы екі ел арасында өзекті мәселелер бойынша әлеуетті, құқық қорғау және арнайы қызметтердің желісі бойынша стратегиялық серіктестік қалыптасты. Екіжақты қатынастарға жаңа серпін берген ШЫҰ қатысушыларының бас прокурорларының 15-ші отырысы шеңберінде Санкт-Петербургте 2017 жылғы қарашада екі елдің бас прокуратуралары қол қойған Ынтымақтастық туралы меморандум және Шекаралас ынтымақтастық туралы келісім пайда болды», - делінген хабарламада.
Қазақстандық делегацияның өкілдері қылмыстық істер және сотталғандарды ұстап беру бойынша халықаралық-құқықтық көмек көрсету мәселелерін қарауда көмек көрсеткені үшін шетелдік әріптестерге алғыс білдірді.
Соңғы екі жылда Қытайдан Қазақстанға одан әрі жазаны өтеу үшін Қытай соты соттаған 15 қазақстандық елге жеткізілді.
Іс-шара жүргізілген шекара кездесуінің хаттамасына қол қоюымен аяқталды.
Айта кету керек, бұл екі елдің қадағалау органдарының екінші кездесуі. Олар 2017 жылғы желтоқсанда Алматы қаласында өткен еді.

Соңғы жаңалықтар