Қазақстан прокуратура органдарының делегациясы тәжірибе алмасу үшін Түркияда болды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркия Республикасының Әділет академиясы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы С.Есқараев атындағы Прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу институтының арасындағы Кәсіби тәжірибемен алмасу бағдарламасының шеңберінде түрік әріптестерімен тәжірибе алмасу үшін Қазақстанның барлық облыстарының прокуратура органдарының өкілдерінен құралған еліміздің делегациясы Түркияда болып қайтты.

Қазақстан прокуратурасы органдарының өкілдері Түркияның құқық қорғау жүйесімен, терроризм мен ұйымдасқан қылмысты тергеудің, агрессияны тоқтатудың қазіргі заманғы әдістерімен, түрік сот жүйесіндегі және қылмыстық құқықтағы прокурордың рөлімен, сондай-ақ Түркияның Әділет министрлігінің ақпараттық қамтамасыз ету басқармасының жұмысымен танысты.

Делегация Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевпен кездесті. Қатысушыларға қазақстан-түрік қатынастарының ағымдағы жай-күйі, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Соңғы жаңалықтар