Қазақстан Президентінің Жолдауын әлемнің бірнеше мемлекеті зерттеп жатыр - А.Көбеева

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстандық этносаралық бірлік пен келісім моделінің әдістемелік сұрақтары» атты ІІІ қалалық ғылыми тәжірибелік конференция өтті.

Ғылыми жиын Қазақстан халықтары Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ пен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану, дінтану институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

Аталған тақырыпты талқылауға белгілі ғалымдар, этномәдени саясат пен ұлтаралық қатынас саласындағы сарапшылар қатысты.

«Қазіргі Қазақстан дамудың тарихи векторын қалыптастырды. Ұлтаралық татулық негізінде ортақ мақсатқа жету тетігін ойлап тапты. Мемлекет басшысы өз Жолдауында келер жылдардың Қазақстан үшін қиын кезең болатынын, осындай қиындықты тек ұлтаралық бірлік арқылы еңсеруге болатынын жеткізді. Бұл тұжырымды көптеген елдер өз зерттеуіне алды. Мен Мәскеуде болған кезде, саясаткерлер Қазақстан президентінің ойын тереңірек зерттеп, осы ойға ойысты», - деді «Қоғамдық келісім» КММ директоры Алтынай Көбеева.

Оның айтуынша, Қазақстан қазір әлеуметтік-мәдени, ұлтаралық қарым-қатынас саласында баға жетпес тәжірибеге ие. Бұл бірегей модель көптеген елдердің қызығушылығын тудырып отыр.

А. Көбеева сондай-ақ қазақстандық этносаралық бірлік пен келісім моделін жақсарту мақсатында инновациялық этносаяси технологияларды қолдау қажеттігін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар