Қазақстан Президентінің Жолдауы қалай іске асырылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қалай іске асырылып жатыр? ҚазАқпарат тілшісі осы мәселеге талдау жүргізіп көрді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында дәл қазіргі уақытта тәуелсіздік жетістіктерін арттыруға және елді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік барын атап өтті. Бұл мақсаттарға Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету және жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізуге болады.

Президент мемлекет пен қоғамға бірқатар міндеттер қойды. Олардың шешілуі қажетті реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Ал қазақстандықтар Мемлекет басшысының тапсырмалары қазірдің өзінде орындала бастағанын айтып жатыр.

Атап айтқанда, құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, тәуелсіз сарапшылар енген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз жұмысын бастады. Ұлттық кеңес бейбіт жиналыстар мен митингілерге қатысты заңнамалық өзгерістер бойынша азаматтық сектордан ұсыныстар жинады. Бүгінгі таңда саяси, әлеуметтік және экономикалық саладағы ең өзекті мәселелер бойынша пікірталастар жүргізілуде.

Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған нұсқауларға сәйкес, әлеуметтік шиеленісті болдырмау және шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар тарапынан құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталмыш кәсіпорындарда тексеріс жүргізіп, анықталған бұзушылықтар үшін кінәлілер жазаланған.

Сонымен қатар, еңбек қатынастары және шетелдік жұмыс күшін тарту саласында мемлекеттік бақылаудың жаңа шаралары әзірленуде. Бұдан былай жұмыс берушілер шетелдік және қазақстандық жұмысшыларға тең жағдай жасауға міндеттеледі. 30-дан астам шетелдік жұмысшы тартылған кәсіпорындарда жоспарлы түрде тексеру жүргізіледі.

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы жұмыс тобын құру арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіріп келеді. Дәл осындай топ Үкімет деңгейінде де құрылған.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, білім саласындағы проблемаларға көп көңіл бөліп отыр. Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды «соқыр» тәртіппен сараптау тетігінен өткізуді, барлық оқулықтарға бірыңғай талаптарды орнатуды және оқулықтардың электронды платформаларын енгізуді жоспарлап отыр. «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленіп, оның ережелері мұғалімдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын едәуір жақсартуды көздейді. Олардың кәсіби өсуін қамтамасыз етіп, балаларға білім беру сапасын арттырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол және әуе билеттерінің қымбаттығы мен жетіспеуі туралы бірқатар сыни пікір айтқан еді. Осы кемшіліктерді жою үшін «ҚТЖ» АҚ бірқатар шаралар қабылдады. Атап айтқанда, билеттерді қайта сатуды болдырмайтын және жол жүру құжаттарының орындалуын бақылауды күшейтетін «Күту тізімі» функциясы бар Mobius жүйесі енгізілді. Қайта құрылған аудит қызметі, топтық өтінімдерді қабылдау және қайта тіркеу мерзімдері өзгертілді. Жетіспеушілікті жою бойынша жұмыс тобы құрылды. Әуе компаниялардың билет бағасы ішкі нарықта бәсекелестіктің жоғарылауына байланысты арзандап келеді. Бұған Fly Arystan әуе компаниясының іске қосылуы тікелей себеп болып отыр. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі әуе билеттерінің бағасын одан әрі төмендету бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Президенттің Энергетика министрлігінің алдына қойған маңызды міндеті - астананы, солтүстік және орталық облыстарды газбен қамтамасыз ету үшін «Сарыарқа» газ құбыры құрылысын уақтылы аяқтау. Осы жылдың желтоқсан айында барлық нысандардың құрылысы аяқталады. Оның ішінде газ магистралі, 5 дана автоматтандырылған газ тарату станциясы, газ өлшеу станциясы және бақылау пункті бар.

Сол секілді Мемлекет басшысы ауылдық жерлерде кадрлар жетіспеушілігі мәселесіне тоқталып, бірқатар тапсырма берді. Ауыл шаруашылығы министрлігі әмбебап типтегі аграрлық мамандарды үздіксіз даярлаудың жаңа жүйесін мектеп - ауылшаруашылық колледжі - аграрлық университет бойынша енгізуді ұсынады. Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша гранттар жоғары оқу орнына беріледі. Әр оқу жылы мамандықтарды игерудің икемді жүйесін енгізу жоспарлануда. Оған ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің кәсіпорындары мен бірлестіктері тартылады.

Халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де жоспарлы түрде шешілуде. 2030 жылға қарай жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру деңгейін жыл сайын 8 пайызға өсіру жоспарланған. Биыл 13 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй салынады. Әкімдіктер 6 002 жалдамалы пәтер салу үшін республикалық бюджеттен 32,8 млрд теңге бөлінген. Жылына кемінде 4 мың пәтер пайдалануға беріледі. Көпбалалы отбасыларға 2913 пәтер берілді. Сондай-ақ, әкімдіктер несиелік тұрғын үй құрылысына қаражат тарту үшін облигациялар шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні ауданы 169 мың шаршы метр болатын 2811 пәтер пайдалануға берілді. Еліміздің үш ірі қаласында жұмыс істейтін жастарға арналған 3 мың жалдамалы пәтердің құрылысы басталды. 2021 жылға қарай 9 мың жалдамалы пәтер салынады.

Президент өз Жолдауында қазақстандық қоғамды алаңдатып отырған жер мәселесіне жеке тоқталды.

«Мемлекет басшысы ретінде мен тағы да айтамын: біздің жер шетелдіктерге сатылмайды. Біз бұған жол бермейміз. Бұл мәселеде барлық алып-қашпа әңгімені тоқтату керек. Біздің міндетіміз - жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету», - деді Қ.Тоқаев.

Заңнамада Елбасының 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес, шетелдіктер мен шетелдік компаниялардың ауылшаруашылық жерлерін иеленуіне жол бермеуге бағытталған барлық қажетті шектеулер белгіленген. 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий жарияланған. Мораторий жарияланған Жер кодексінің нормалары 2021 жылдың соңына дейін қаралып, олар бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін халықпен талқыланады.

Соңғы жаңалықтар