Қазақстан Президентінің Татарстанға сапары жаңа жобаларға бастама болды

None
None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің Татарстанға сапары тығыз байланыстарды нығайта түсіп, жаңа жобалардың іске асырылуына мұрындық болады, дейді Қазан федералдық университеті оптика және нанофотоника кафедрасының доценті Сергей Харинцев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, университет органикалық термофотовольтаиканы зерттеу саласында Назарбаев Университетімен ынтымақтастық жасап келеді.

«Назарбаев Университетімен ынтымақтастық орнатқанымызға 4 жылдан асты. Онда органикалық күн элементтерін синтездеумен айналысатын зерттеушілер тобы бар. Бүгінгі таңда күн энергиясын электр тогына айналдыратын полимерлер бар. Жақын болашақта адамдар органикалық күн батареяларымен үйлерді, киімдерді бояп, органикалық термофотовольтаика технологияларының көмегімен электр тогын ал бастайды», - дейді ол.
null

С. Харинцев күн батареялары өте арзан тұратынын айтады.

«Әлем жылдам өзгеріп жатыр. Мәселен, 15 жыл бұрын органикалық күн элементтерінің тиімділігі небәрі 2% болса, қазір бұл көрсеткіш 15%-ға жетіп отыр. Тиімділік 17-18% болған жағдайда коммерциялық бетбұрыс болады. Сондықтан барлық елдер осы технологияларға күш салып жатыр», - дейді ғалым.

«Біз де осы салада Қазақстанмен ынтымақтастық жасап келеміз. Назарбаев Университетінің ғалымдарымен бірге экологиялық энергетика саласындағы жаһандық мәселені шешім үстіндеміз», - дейді С. Харинцев.
null

Ол Қазақстан Президентінің Татарстанға сапары туралы айтты.

«Меніңше, Қазақстан Президентінің Татарстанға сапары республикаларымыз және екі ел жоғары оқу орындары арасындағы тығыз байланыстарды дамытады деп ойлаймын. Тек термо фотовольтаика саласында ғана емес, сонымен қатар физика мен инжиниринг салаларының басқа бағыттары бойынша да ірі жобаларды іске асыруға мұрындық болады», - дейді ҚФУ доценті.

Соңғы жаңалықтар