Қазақстан Президентінің ресми сапары өтіп жатқан Берлиннен ФОТОРЕПОРТАЖ

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияда екікүндік ресми сапармен жүр. «ҚазАқпарат» тілшісі Берлиннің қазіргі тыныс-тіршілігінен фоторепортаж ұсынады.

Германия астанасына әлемнің барлық елінен туристер келеді. Ондағы барлық ғимараттар – Бранденбург қақпасы болсын, Рейхстаг немесе Берлин қабырғасы мемориалы тарих қойнауынан сыр шертіп тұр.

Берлиннің қай жері болмасын тарихтан сыр шертеді. 28 жыл бойы (1961-1989) ГДР мен Батыс Берлинді бөліп келген Берлин қабырғасының қалдықтары, холокост құрбандарына арналған мемориал (2700 сұр тақта қойылған алып алаң) және тағы басқалары.

Қабырға қирағаннан кейін оның көптеген бөлшектері заманауи өнер әуесқойларына сатылды. Оларды Microsoft корпорациясының кеңсесінен және Рональд Рейган музейінен тамашалауға болады. Сондай-ақ, көптеген немістер жеке коллекциялары үшін қабырға қалдықтарын алып кеткен.

Германияда велосипедшілер өте көп. Статистикалық мәліметтер бойынша, 80 неміске 60 велосипедтен келеді. Бұл тіпті, қыс мезгілінде де қолданыла беретін негізгі көлік түрі.

Рейхстагтың шыны күмбезін сәулетші Норман Фостер жасаған. Н.Фостер Қазақстандағы Бейбітшілік және келісім сарайының, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының және ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы ғимараттарының авторы.

Осы күндері Берлинде рождестволық базарлар жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен, бұл базарлардың барлығын біріктіруші бір зат бар. Олардың бірі – глинтвейн – қант пен дәмдеуіштері бар қызыл шараптан әзірленген ыстық сусын.

Германияда үй жануарлары өте көп. Немістерде 30 миллионға жуық үй жануары бар.

Көшедегі су беретін коллонка – Берлин символдарының бірі.

Берлинде қоғамдық көліктердегі жол жүру билеттері барлығына бірдей және олар автобустар, трамвайлар, метро мен паромдарға жарамды.

Неміс сыра қайнатушылар қауымдастығының дерегіне сәйкес, Германияда 6 мыңнан астам сыра бренді бар. Немістер жыл сайын 800 миллионнан астам «карри» шұжығын тұтынады.

Германиядағы тасжолдардың 65% (автобандар) жылдамдық шектелмеген.

Соңғы жаңалықтар