Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Қазақстан Президентінің Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары жөніндегі видео

2019 жылғы 16 сәуір 04:39 373
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президентінің Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары жөніндегі видео

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары жөніндегі видео Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram-ында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бейбіт Атамқұловтың қырғыз еліне ресми сапары басталды Жапонияның СІМ басшысы: Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық нығайып келеді

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 14-15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары өтті. Ташкентте  Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында президенттер дәстүрлі достық, өзара сыйластық, сенім мен ашық рухта екі жақты қатынастардың негізгі мәселелерін, өзара мүдделілік танытылған өзекті өңірлік және халықаралық проблемаларды талқылап, екі ел арасындағы кеңформатты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен кеңейтудің перспективаларын қарастырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер сәтті өтті деп бағалады. 

Бұдан басқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бірлескен мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Президенті өзбек ұлтының бейбітшілік пен бостандыққа, мейірімділік пен тату көршілікке, достық пен бауырластыққа ұмтылысын айшықтайтын Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоғын қойды.


Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Бұдан соң мемлекет басшылары Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне қатысты. 

 Оның барысында Қазақстан өнерінің қайраткерлері мен сахна шеберлері және шығармашылық ұжымдарының қатысуымен гала-концерт болды.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT