Қазақстан Президентінің Қырғызстанға сапары барысында қандай құжаттарға қол қойылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстан ресми делегацияларының қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

  1. Қазақстан Республикасының Алматы облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Ыстықкөл облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы Ынтымақтастықты нығайтуға байланысты келісімді жасасу ниеті туралы хаттама.
  2. Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Ош облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум.
  3. Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Талас облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум.
  4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі және «JOINT TECHNOLOGIES» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы «Ақ тілек» және «Қарасу» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешен инфрақұрылымына инвестиция тарту туралы меморандум.
  5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум.
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы Шекара маңы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі үкіметаралық келісім.
  7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы Авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім.
  8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы 2006 жылғы 4 шілдедегі Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама.
  9. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 1996 жылғы 26 тамыздағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама.
  10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасында Дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай 2022 жылға арналған Сыртқы істер министрліктері арасындағы Бірлескен іс-шаралар жоспары.
  11. Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Шу облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

  12. Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

  13. Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды.

Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды.

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Шағын форматта өткен кездесуден кейін екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.


Соңғы жаңалықтар