Қазақстан Президентінің қаламгерлер әлеміне қолдауы зор - Әзербайжан Жазушылар одағының төрағасы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің қаламгерлеріне көрсетіп отырған қолдауы шексіз. Бұл туралы пікірімен бүгін жазушылар одағының 80жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында Әзербайжан жазушылар одағының төрағасы Ильгар Фахми бөлісті.

«Шынайы өнердің мемлекет қолдауынсыз өмір сүруі өте қиын. Мен Президенттің жазушылар одағына көрсетіп жатқан қамқорлығын айта кеткім келеді. Нұрсұлтан Назарбаев тек Қазақстанның Президенті ғана емес, барлық түркі әлемінің ақсақалы. Назарбаевты біздің елімізде барлығы жақсы көреді. Оның жақында «Еуразия жүрегінде» кітабы шықты. Біз оны Әзербайжан тіліне аудардық. Ол кісіні тұлға ретінде әзербайжан зиялы қауымы үлкен құрмет тұтады. Татулық пен бірлікте нағыз өнер мен әдебиетті жоғары бағалайтын осынша халық бір өмір сүріп жатыр», - деді Ильгар Фахми. Әзербайжаннан келген мейман Қазақстан жазушылар одағының өзге елдерге озық үлгі бола алатындығын да атап өтті. «Қазақстан Жазушылар одағы қағаз жүзінде емес, шын мәнінде жұмыс жасап отыр. Мұнда түрлі шаралар өтеді, кітаптар мен журналдар шығып жатыр. Мұндай игі жағдай адамның қалам түртуіне ықпал етіп, шығармашылығына шабыт қосады. Әзербайжан және Қазақстан елінде мемлекет жазушылардың одағына, әдебиет әлеміне үлкен қолдау көрсетуде», - деді Әзербайжан жазушысы. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты пленум болды. Салтанатты шарада Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Олжас Сүлейменов, КСРО-ның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов, Қазақстан Ғылым академиясының президенті, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрынов сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар