Қазақстан Президентінің G-Global идеясы әлемге қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді - Мәжіліс спикері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов VII Астана экономикалық форумына келген Ливан Парламентіндегі «Мустакбаль» басшылық блогының жетекшісі, экс-премьер-министр Фуад ас-Синиорамен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесуде тараптар Қазақстан-Ливан өзара байланыстары бойынша және парламенттік, ынтымақтастық жайында екіжақты пікір алмасып, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге назар аударды. Спикер Қабиболла Жақыпов әлем бүгінгі экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдайында алдымен келісім мен ұжымшылдық және жан-жақтылыққа көңіл аударып отырғанына тоқталды.

«Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global идеясы өзінің әлемге қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр», - деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы.

Өз кезегінде Фуад ас-Синиора Қазақстанмен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтудің Ливан үшін маңызына тоқталып, біздің елдің барлық бағытта қарқынды дамып отырғанын атап өтті.

«Бұл өркендеуде 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын нақтылап қойған сіздердің Президенттің еңбегі зор»,- деді ливандық парламентші.

Бұдан бөлек, тараптар екі жаққа да пайдалы Қазақстан-Ливан ынтымақтастығын кеңейту, экономикалық байланысты өрістетіп, құқықтық-шарттық базаны дамыту, банк саласында тәжірибе алмасу жұмыстарын ұлғайту жайында әңгімелесті.

Әңгіме барысында парламентаралық байланыстарды нығайту жайында да пікірлер айтылды. Бұл ретте тараптар Парламенттегі салалық комитеттердің арасындағы тұрақты байланыс ынтымақтастықты дамытуға көп үлес қосатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар