Қазақстан Президентінің бір аптадағы жұмысына шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық жұмысына қысқаша видеошолу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 29 сәуір - 05 мамыр аралығындағы апталық жұмысына қысқаша шолу», делінген жазбада.

Еске сала кетсек, 3 мамырда Қазақстан Президенті - Қарулы күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көктал» оқу полигонының негізгі нысанын аралап, «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілу барысымен танысты.

2 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында болды. Ал, 30 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді.

Апта басында 29 мамырда елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар