+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары тағайындалды

2018 жылғы 26 маусым 07:44
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы Жарлық шықты, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.

Құжатқа сай, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары отандық бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық-сараптамалық электронды ресурстарды дамытуға қосқан үлесі үшін «іnformburo.kz» интернет-порталының бас редакторы - Дорофеев Михаил Викторовичке; қазақстандық журналистиканы және ұлттық телевидениені дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Астана» республикалық телеарнасының бас директоры - Танысбай Ләззат Мұратқызына берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары мына адамдарға тапсырылатын болды:

Әділова Айгүл Нұрханқызына - «Хабар» республикалық телеарнасының сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты әрі сапалы жариялап-көрсеткені үшін;

Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлына - «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасарына отандық телевидениедегі ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды ілгерілету ісінде қол жеткізген кәсіби жетістіктері үшін.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жарияланатын болды:

«Алматы» телеарнасының шығармашылық ұжымына отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;

«Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына Астананың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуындағы маңызды тақырыптар мен негізгі мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін;

«Балдырған» республикалық балалар журналының шығармашылық ұжымына еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу ісіне және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін;

«Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясы» шығармашылық ұжымына Қазақстандағы Өзбекстан жылын және түрлі салалардағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын дамыту мәселелерін жариялап-көрсеткені үшін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT