Қазақстан Президентінің БАӘ-ге сапары барысында қандай құжаттарға қол қойылды

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян кездесуінің нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР Энергетика министрлігі мен БАӘ Энергетика және өнеркәсіп министрлігі арасында мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Қазақстан тарапынан құжатқа Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, ал Әмірліктер тарапынан Энергетика және өнеркәсіп министрі Сухейіл Әл-Мазури қол қойды.

Сонымен қатар, ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен БАӘ экономика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қазақстандық тараптан ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ал БАӘ тарапынан Экономика министрі Сұлтан Әл-Мансури қол қойды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен БАӘ Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Қазақстан тарапынан АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, Қаржылық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі комитеттің бас директорының міндетін атқарушы М.Бубеев пен Әмірліктер тарапынан Орталық банк төрағасы Мүбарак Әл-Мансури қол қойды.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүр.


Соңғы жаңалықтар