Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ел астанасында Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенті ретінде ұлықтау рәсімі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты рәсім залына ҚР Мемлекеттік туы, ҚР Президентінің штандарты әкелінді.

Қ. Тоқаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысып отыр.

Рәсім кезінде Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант береді. Осы сәттен бастап қайта сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Еске салсақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысы 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 26 қарашаға белгілеген еді.


Соңғы жаңалықтар