Қазақстан Президентімен кездесуім жемісті болды - Жапония Премьер-Министрі

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентімен кездесуім жемісті болды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгінгі кездесу барысында ашық пікір алмасу болды. Оның ішінде Орталық Азияға қатысты мәселелер қозғалды. Кездесу жемісті өтті. Келесі жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болады. Бүгінгі кездесуде халықаралық мәселелер бойынша да жемісті пікір алмасылды», - деді Абэ.

Сонымен қатар ол КХДР-дің ядролық-зымыран бағдарламасы мәселесіне қатысты да  алдағы уақытта ынтымақтастықта болу уағдаластығына қол жеткізілгендігін атап өтті.

«Бұған қоса, екі ел Ядролық сынақтарды жалпыға ортақ тыйым салу шартының күшіне енуіне жәрдемдесу жөніндегі конференцияның тең төрағасы ретінде тығыз ынтымақтастықта. Мен Президент Назарбаевтың осы жолғы сапары аясында Хиросимаға баратындығын қолдаймын. Жапония бұл салада Қазақстанмен алдағы уақытта да белсенді ынтымақтасуға дайын. Мен Президент Назарбаевпен бірлесіп, Жапония мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты белсенді дамыту үшін күш жұмсауға ниеттімін», - деді Жапония Премьер-Министрі.

Соңғы жаңалықтар