Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

None
None
ПАВЛОДАР. ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбукте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар әлеуметтік және индустриялық нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен, соның ішінде мұғалімдер қауымымен, еңбек ұжымдарымен, жастар өкілдерімен кездесуі жоспарлануда», - деп жазды Б.Уәли.

«ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісінің ақпаратынша, Президент сонымен қатар, «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ-ның кеңесіне қатысады деп күтілуде. Бұдан бөлек, «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-ға, Жастар бастамаларын дамыту орталығына және Назарбаев Зияткерлік мектебіне баратыны көзделген.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды. Президент алдымен Семей қаласына барды. Онда шаһардың зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы қажеттігін, ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы тиістігін атап өтті. Сондай-ақ 2025 жылға дейінгі Семей қаласын дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасының құрылысына қатысты ойымен бөлісіп, халықтың пікірі ескерілместен шешім қабылданбайтынын қадап айтты.

Одан әрі Президент Өскемен жұртшылығымен кездесті. Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы ең өзекті алты мәселені атап өтті.

Соңғы жаңалықтар