Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді Ақтөбеде Мұз сарайы ашылуымен құттықтады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елбасы мемлекет-жекешелік әріптестік аясында Словакия инвесторларының қатысуымен салынған қаладағы жаңа Мұз сарайына барды.

Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді және барша ақтөбеліктерді Мұз сарайының ашылуымен құттықтап, шайбаға естелік қолтаңба қалдырды.

null Жалпы аумағы 8 500 шаршы метр болатын спорт кешені жыл бойы хоккейден, шорт-тректен, мәнерлеп сырғанаудан, баскетболдан, шағын футболдан, бокстан, үлкен теннистен, гимнастикадан кәсіби жарыстар өткізуге, сондай-ақ конькимен жаппай сырғанауға мүмкіндік береді. Арена 2 500-ден астам көрерменге арналған.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді.

Соңғы жаңалықтар