+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Оман Сұлтанын құттықтады

2020 жылғы 13 қаңтар 12:29
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Оман Сұлтанын құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оманның жаңадан тағайындалған Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Қазақстан халқының және Өзінің атынан құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті Дархан Кәлетаевқа бірқатар тапсырма берді Қасым-Жомарт Тоқаев ЕЭК Алқасының төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы «EcoJer» экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрайымын қабылдады

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты артып отырған мемлекет екенін айта келе, Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің басшылығымен Оманның одан әрі өркендеп, мерейі өсе беретініне сенім білдірді.

«Екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықты келешекте де халықтарымыздың игілігі үшін әрі қарай өрістету мақсатында Сізбен бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенімді қуаттаймын. Сіздің аса жауапты қызметіңіз бен барлық игі бастамаларыңызға мол табыс, ал достас Оман халқына ырыс пен құт-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, 11 қаңтарда Оманның мемлекеттік БАҚ-тары Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің елдің жаңа басшысы атанғанын жариялады. Ал Оманның Сұлтаны Кабус бен Саид Әл Саид 79 жасында қайтыс болған еді.

ҚР Президенті осыған байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT