Қазақстан Президенті Владимир Зеленскийдің тезірек жазылып кетуіне тілектестігін білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған Украина басшысы Владимир Зеленскийдің аурудан тезірек жазылуын тіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twіtter-дегі парақшасында жазды.

«COVID-19 індетінен тезірек сауығып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Украина коронавирус пандемиясына қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасады және біз барлық әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп қауіпті індетті жеңеміз»,-делінген ҚР Президентінің жазбасында.

Осыған дейін Владимир Зеленскийге COVID-19 диагнозы қойылғанын жаздық.


Соңғы жаңалықтар