+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасын қабылдады

2021 жылғы 27 қыркүйек 13:24
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентопты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде құбылмалы жағдай қалыптасса да, түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығының өте маңызды екенін атап өтті

– Әлемдегі құбылмалы жағдайды ешкім дөп басып болжай алмай отыр. Осыған қарамастан, біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара сенімге, достыққа негізделген, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанына тоқталып, бауырлас елдің жетістігіне қуанатынын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағын жоғары бағалады.

Мұстафа Шентоп Қазақстанға жасаған сапары аясында қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді. Сондай-ақ ол әлемдік пандемияға байланысты бетпе-бет кездесулердің шектелгеніне қарамастан, екі елдің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Қараша айында біздің елде өтетін Түркі кеңесі елдерінің саммитінде түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жөнінде бірқатар маңызды шешім қабылданады деген үміттеміз. Өзіңізді сол саммитте күтеміз, – деді Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT