Қазақстан Президенті Түркі кеңесінің мүшелерін бірлесіп гидроқұрылым салуға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесінің мүшелерін бірлесіп гидроқұрылымдар салуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде барша адамзат жаһандық жылыну үдерісіне алаңдап отыр. Халықаралық қауымдастық осыған байланысты шұғыл шаралар қабылдауға мүдделі. Қазір су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Біз бидай егіп, ұн өндіретін ең ірі он елдің санатына кіреміз. Жыл сайын сыртқы нарыққа 7 миллион тоннаға дейін бидай шығарамыз», - деген Мемлекет басшысы Қазақстан Орталық Азиядағы астық экспорттайтын бірден-бір мемлекет екенін еске салды.

«Алайда, біздің еліміздегі бидай өнімінің азаюына жол бермеу үшін, сондай-ақ, бүкіл аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндірмеу үшін трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалануымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет. Түптеп келгенде, осындай шаралар біздің елдеріміздің өсіп-өркендеуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан, өздеріңізбен бірлесіп, гидроқұрылымдар салуға дайынбыз», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар