Қазақстан Президенті тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркітілдес аймақтың беделді көшбасшысы - Анкара мэрі Мелих Гөкчек

None
None
nbsp;АНКАРА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардаға тарихи оқиға орын алды. Түркия Президенті Абдолла Гүлдің үстіміздегі жылдың мамыр айында Қазақстанға сапары барысында айтқан Елбасы Н. Назарбаевқа ескерткіш орнату ниеті жүзеге асты.

Түркияның астанасы - Анкараға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ескерткішінің ашылуына, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджановтың басқаруымен Қазақстанның ресми делегациясы келді.

Аталған делегация құрамында ҚР Мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммед, Туризм және спорт министрі М. Досмұханбетов, ҚР Сыртқы Істер министрінің бірінші орынбасары Н.Әбіқаев, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов болды.

Салтанатты бағдарлама барысында Анкара әкімі Мелих Гөкчек Қазақстанның делегация мүшелерімен кездесуінде Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтамақтастық жылдан жылға нығайып келе жатқанын атап өте отырып, бауырлас елдер арасындағы бюайланыстың арта түсуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген орасан, деп сөзін жалғастырды Анкара әкімі. «Қазақстан Президенті тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркітілдес аймақтың беделді көшбасшысы», - деді Мелих Гөкчек.

Сондай-ақ, екі ел арасындағы халықаралық қатынастарды күшейтуге екі мемлекеттің де парламенттердегі ынтымақтастық топтары зор үлес қосуда екенін айтты.

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов : «Елбасы егемендігімізге жеткен елді көздің қарашығындай, қас-қағым уақыт ішінде жоғары деңгейге көтеріп, іргесін нығайтып, сыртқы саясатын мығым етуі -Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басының еңбегінің арқасында қол жеткізген жетістігіміз», деп атап өтті.

Түстен кейін Қазақстанның ресми делегациясы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мехмет Әли Шахинмен кездесті.

Кездесу барысында жан-жакты мәселелер талқыланды.

памятник Президенту Казахстана Бүгінгі таңда Түркия мен Қазақстанның ытымақтастығы жан-жақты салада атқарылып, атап айтқанда БҰҰ, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы, АӨІСІШК, ТҮРІКСОЙ, Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммиті және басқа да халықаралық бірлестіктер шеңберінде ынтымақтастықтың ойдағыдай дамып келе жатқаның айтты Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов.

Сондай-ақ кездесуде Мехмет Әли Шахин Анкара әкімі Мелих Гөкчекке, Түркия астанасы Анкараның ең көрікті даңғылдарының біріне де Қазақстан Президентінің атын беруді ұсынды.

«Ататүріктің Астанадағы ескерткіші және де Анкарадағы Н. Назарбаевтың ескерткішінің ашылуы, ол тегі бір бауырлас халықтың ынтымақтастығының күштілігін баршамызға үнемі еске салып отыратын маңызы зор іс», - деді Мәжіліс төрағасы Мехмет Әли Шахин.

ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевқа орнатқан ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің спикері О.Мұхамеджанов және Түркия Парламентінің төрағасы Мехмет Али Шахин өткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы О. Мұхамеджанов, Мұстафа Кемаль Ататүрікті біздің елде өте жақсы білетіндігімен қатар, құрметтейтінің айтып, 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған сәттен небары 14 минут өткенде елімізді бірінші болып таныған ел нақ осы Түркия болғанын біз ешқашан ұмытпаймыз, деп атап өтті.

Ескерткіштің ашылу рәсімінде О. Мұхамеджанов Түркі халықтарының алдында сіңірген аса зор еңбегі үшін Анкараның орталығында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевқа ескерткіш орнату жөнінде түрік ағайындарымыздың шынайы бауырластық шешімін қазақстандықтар аса зор ықылыспен қабыл алғандығын айтып, Түркия Президенті Абдолла Гүлдің: «Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес мемлекеттердің топтасуы үшін көп іс атқарды, сондықтан да Қазақстанның ғана емес, бойында түркінің қаны бар барлық халықтардың көшбасшысы болып табылады», деген сөздерін келтірді.

Қазақстан Президентінің ескерткішін жасау жұмыстары 3 ай бұрын басталған болатын. Жалпы биіктігі 5 метрден асады. Ескерткіш қола мен гранит тастан жасалынып, Анкараның орталық «Генчлик» жастар саябағының алдында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар