Қазақстан Президенті: Сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті жемқорлық мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр - ол басқа мәселе.

Біздің елімізге келер болсақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасуда және кең қанат жайып келеді. Жақында тиісті ведомствоның басшысын қабылдадым. Осыған байланысты жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма бердім. Жалпы сандық және сапалық тұрғыдан алғанда жазалау жөнінен Қазақстан әлемде көш басында тұрған елдердің бірі. Байқасаңыздар, мемлекеттік қызмет жүйесінде жоғары лауазымды адамдар жауапқа тартылған. Олардың арасында премьер-министр, бірқатар министрлер, ведомство басшылары және басқалар бар. Басқа қай елде мұндай жағдай болды? Айту қиын. Мен өз тарапымнан осы жүйелі мәселені шешу үшін барынша күш-жігерімді жұмсаймын деп сенімді түрде айтамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар