Қазақстан Президенті шейх Заид мешітіне барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби қаласындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің көрікті жерлерінің бірі - шейх Заид мешітін аралап көріп, осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның рухына тағзым етті.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мешіт ғимаратының сәулет ерекшелігімен танысып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Айта кетейік, мешітке бір уақытта 50 мың адам сыяды. Ғибадат орнының бұрыштарына биіктігі 107 метр болатын төрт мұнара орнатылған. Бас ғимараттың сыртқы қабатын ақ мәрмәрмен көмкерілген 82 күмбез жауып тұр. Мешіттің ішкі аумағы 17 400 шаршы метр.

null

Соңғы жаңалықтар