Қазақстан Президенті сайттарға хакерлік шабуылға қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концертте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің киберқауіпсіздігін күшейту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы уақытта байқап отырғанымыздай, ақпараттық желілер мен ресурстарға хакерлік шабуылдардың жаңа жаһандық қатерге айналып келе жатқанын байқап отырмыз. Қазіргі уақытта біз өмірімізді цифрландыратын  «Ақпараттық Қазақстан» бағдарламасымен жұмыс істеудеміз. Цифрландырумен бірге қабаттасып киберқауіпсіздік те келеді. Біз қазіргі ғана бұл мәселені талқыладық. Мемлекет болуы үшін қажетті қаржыны құю керек», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, бұл мәселе Еуразиялық экономикалық одақ және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясында да көтерілуде.

«Мұндай қауіптерді жою үшін Қазақстанның сенімді кибер қалқанын құру қажет. Бұл процесте маңызды рөл қуатты кадрлық әрі зияткерлік әлеует шоғырландырылған  ұлттық қауіпсіздік органына беріледі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар