Қазақстан Президенті республиканың ДСҰ-ға қосылуын тарихи оқиға деп санайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын «тарихи оқиға» деп санайды. Бұл туралы ол Женевада республиканың ұйымға қосылуы туралы құжаттар жобасы бекітілген ДСҰ бас кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

ДСҰ-ның бас директоры Роберту Азеведуның өз сөзінде атап өткеніндей, «Қазақстан мен ДСҰ-ның тарихи күні» болды. «Қазақстанның қосылуы біздің ұйымға мықты дауыс қосып отыр. Қазақстанның қатысуы барлығымыз үшін зор құрмет болып табылады», - деді ол. «ДСҰ-ға қош келдіңіздер», - деп қосып өтті Азеведу қазақ тілінде.

Назарбаев ДСҰ-ға мүше елдерді, ұйымның хатшылығы мен бас директорына ұйымға қосылу кезінде көрсеткен қолдау үшін алғысын білдірді.

Отырыста сөз сөйлеген Қазақстанның қосылуы туралы Жұмыс тобының төрағасы, фин дипломаты Васа Химанен қосылу туралы құжаттар пакетінде 1248 бет бар екенін атап өтті. Келіссөздер «19 жыл мен екі күнді есепке алмағанда алты ай жүргізілген», осы уақыт аралығында Қазақстан 50 жаңа заң қабылдады, ал «заңнаманың 350 элементі ДСҰ-ның мүшелеріне жеткізілді», - деп еске салды ол. Жұмыс тобы құжаттар пакетін 22 маусымдағы отырысында бекітті.

Соңғы жаңалықтар