Қазақстан Президенті Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Ташкент қаласына келді. Ел астанасының әуежайында Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Сапар аясында екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында өңірлік күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді және Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасын нығайту мәселелерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар