+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті Өзбекстан Өлий Мәжіліс Сенатының төрағасын қабылдады

2019 жылғы 5 қараша 18:10
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті Өзбекстан Өлий Мәжіліс Сенатының төрағасын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Өзбекстанның Өлий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейнешолу Қасым-Жомарт Тоқаев француз саяси қайраткері Жак Атталиді қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге «Абай жолы» романын сыйлады

Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваның сапары екі елдің парламентаралық байланыстарын дамытып, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беретінін атап өтті.

– 2018 жылы сауда айналымы 2,5 миллиард долларды құрады. Ал биылғы 9 айдың өзінде өткен жылғы нәтижеден артық жетістікке жетіп отырмыз. Соған сәйкес, жыл соңында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымының көлемі де арта түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент сәуір айындағы Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, өзара сауда айналымын біртіндеп 5 миллиард долларға дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы көлік-транспорт байланыстарының, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың даму барысы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Қазақстан мен Өзбекстан өзара ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып қана қоймай, сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан біздің өзара ықпалдастығымыз табысты болатыны сөзсіз. Оның үстіне, әріптесім, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен екі ел арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін белсенді жұмыс жүргізуге келістік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Танзила Нарбаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жеткізді.

– Сіздің Қазақстан Президенті лауазымына сайлануыңыз – бұған дейінгі абыройлы қызметіңіздің нәтижесі. Сіз тәжірибелі дипломат, ықпалды басшы ретінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және экономикасын дамытуға бағытталған бастамаларын жалғастырып келесіз, – деді өзбек саясаткері.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне ізгі тілегін жолдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT