Қазақстан Президенті Өскеменде жұртшылық өкілдерімен кездесуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өскеменде жұртшылық өкілдерімен кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары Өскемен қаласында жалғасуда. Мемлекет басшысы өңір орталығында жұртшылық өкілдерімен кездесуде», делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Елбасы назарындағы қасиетті өлкеге алғашқы сапарын арнағанын жеткізді.

«Қойнауы қазынаға толы кенді Алтайдың өнімдері бүгінде әлемге танымал. Өндірісі өрге басқан өңірді Елбасымыз ұдайы назарында ұстап келеді. Сондықтан, алғашқы сапарларымның бірін осы қасиетті өлкеге арнап отырмын», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар