USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады

2016 жылғы 26 тамыз 15:40
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының чемпиондарын II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Елбасы қолынан осынау жоғары награданы Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин мен Ниджат Раxимов алды. Сонымен қатар осы орденді Олимпиаданың күміс жүлдесін алған Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов тақты. Президент олардың медалін алтынмен пара-пар деген бағасын берді.

«Барыс» ордені - Қазақстан Республикасының ордені.

Бұл орденмен марапаттау Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciне, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін беріледі. 1999 жылы ҚР Президентінің жарлығымен «Барыс» ордені үш дәрежелі болып бекітілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT